My Win жобасы жобасы дегеніміз не? Ол балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ерекше қабілеті бар балаларға қалай көмектеседі? Бұл туралы жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жүзуден Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері, Ironman, Ұлттық олимпиада комитетінің жаттықтырушысы Евгений Азарьев айтты.
- Қайырлы күн, Евгений. My Win жобасы дегеніміз не?
- Қайырлы күн! Жыл сайынғы My Win спорттық жобасының екі жақты мақсаты бар. Біріншісі — триатлон мен циклдік спорт түрлерін насихаттау және дамыту. Екінші мақсат — аз қамтылған отбасыларға арналған интернаттардың балаларына, балалар үйлеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету. Біз оларға триатлонды үйретеміз және осылайша балаларға спорттың да, жеңістердің қуанышының да, өмірдің қуанышының да бәрі бірдей екенін көрсетеміз.
- Мен сіздің жобаңызды екі жарым жылдан бері бақылап келемін, тіпті өзім де оған жетекші ретінде қатысып келемін, және әрдайым таң қаламын: біздің меркантильді заманымызда осындай пайдалы және игілікті істі бастау идеясы қалай пайда болды?
- Жоба идеясы 2018 жылы Champ1on жеке қайырымдылық қорының жетекшісі Любовь Пакта пайда болды. Ол маған келіп, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының балаларын спортқа қатыстырғысы келетінін айтты. Бұл нашар еститін және нашар көретінлерге арналған интернаттағы балалар мен түзету мектептерінің оқушылары туралы айтылды. Біз келістік, бірақ біраз алаңдаушылықпен: балалар бізге келе ме, біз жеткілікті қатысушылар жинай аламыз ба? Үш интернатты аралап, презентация жасадық, және бізді барлық жерде қуана қарсы алды. Бұл балалар үшін біздің ұсынысымыз — бассейнге бару, велосипедпен жүру, сондай-ақ сол үшін сыйлықтар алу ғажап әрі ақылға сыймайтын қуаныш болды! Жалпы, бірден бізге шамамен 250 бала жазылды. Әрине, барлығы спортпен шұғылданбады, тілек білдірушілердің жартысы медициналық тестілеуден өтпеді, сондықтан да біз 120 кішкентай триатлоншыны алдық. Тағы да жаттықтырушыларды шақыруға тура келді, сөйтіп бәрі осылай басталды. Бүгінде бізде 8 жаттықтырушы бар.
- Танымал фитнес-клубтың сәнді, тіпті атақты жаттықтырушысы өз даңқы шыңында кенет жанкүйері жоқ, танымалдығы жоқ қайырымдылық жобасына қалай кетті?
- Менің ойымша, әрбір қалыпты адамның жасампаздыққа деген қажеттілігі бар. Ал қайырымдылық — жасампаздық. Оның үстіне бұл жобада жаттықтырушы болып істеген фитнес-клубта жұмыс істегеннен гөрі, тіпті ең сәнді болса да, үлкен қайтарымға ие болады. Жетім бала немесе ауыр қиындық көрген бала кенеттен жүзе бастайды, басқа спортшылармен жарыса бастайды, оның алдында өмір мен күрестің құмары ашылады, осының бәріне сенің қатысың болады, бұл бағаланбас нәрсе. Сондықтан жоба бәріміз үшін өмірдің мәніне айналды, біз уақытымыздың көп бөлігін балалармен өткізіп, географияны баяу кеңейтіп жатырмыз. Біз Батыс Қазақстанның балаларын өз қамқорлығымызға алдық, енді олармен жаттығуға кірісу үшін осы пандемияның өтуін күтеміз. Бұдан басқа, «Жас сарбаз» қозғалысымен бірге триатлонға тағы 80 кадет баланы оқытатын боламыз.
- Сіз жүзден астам бала қатысатын үлкен чемпионаттар өткізесіз. Мен Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде сіздің балаларыңыздың көбі жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын көріп отырмын, кейбіреулерін триатлон бойынша Алматы құрамасына үміткер ретінде қарастыруға болады. Мұндай балалармен жұмыс істеу қаншалықты қиын?
- Бұл балалардың барлығында белгілі бір психологиялық кедергі бар, мен оны «ренжудің тосқауылы» деп атар едім. Егер сен баладан бұл тосқауылды алып тастай алсаң, ол саған бірден сенеді және сізде бәрі жақсы болады. Бұл балалар өздерінің тағдырына қандай да бір жақсы үлес қосқан кез келген адамға ризашылықтарын білдіреді.
- Жобаңыздың терең философиясы қандай?
- Біздің үлкен тілегіміз — балалардың қоғамға өздерін қажет сезінуіне, бір спорттық отбасымен өмір сүруіне, дені сау және өзіне сенімді болуына мүмкіндік беру. Бұл олардың әлеуметтенуі мен табысты болашағы үшін өте маңызды және спорт арқылы оған ең жақсы қол жеткізіледі. Басқа да тактикалық мақсаттар бар — ерік күшін, мақсатқа ұмтылушылықты тәрбиелеу, құрдастармен және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
- My Win чемпионаттарында балалар велосипед түрінде мықты сыйлықтар алады. Барлық 100 қатысушы бала нағыз велосипедтерге ие болады! Бұл торттар мен басқа да дәмділерді қоспағанда. Сіздерге кім демеушілік жасайды?
- Бізді достарымыз қолдайды, бізді барлық немқұрайлы қарамайиын қазақстандықтар қолдайды, өйткені спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеу — біздің миссияларымыздың бірі.
- Өткен жылы сен және сенің достарың жасыры, өзіңізді жарнамаламай, бір қызға аяқ протезіне миллион теңге жинадыңдар. Бұл қыз да спортшы ма?
- Иә, ондай іс болды. Бақытгүл — әуесқой спортшы, ол қаланың барлық шараларына, мысалы, «Алматы марафонына» қатысты. Ол жүгіре алмады, арбамен қашықтықтан өтті. Ол: «Егер, протезім болса, мен жүгіремін!» дейтін. Енді оның протезі бар және ол жүгіріп жүр.
- Балаларыңыз екі локдаунды қалай өткізді?
- Бізді қатты сағынып, хат, хабар жазатын. Біз олармен үнемі байланыс орнатып, онлайн-челлендждер өткізіп, жақында республикалық ауқымда онлайн-марафон өткіздік. Мұның бәрі ешқандай пандемияға қарамастан спортпен шұғылдануға ынталандыру үшін жасалды.
- Жақсы! Енді жаңадан жүзіп үйрене бастаған балалардың ата-аналарынан атынан сұрақ қояйын. Күзде бассейнге барғаннан кейін қалай суық тигізіп алмау керек?
- Бассейннен кейін шашыңызды кептіріңіз, үйде витамин салаттарын жеп, жылы киініңіз. Ең қарапайым және ең бастысы — қалпақ киіңіз! Ол сізге жараспайды деп ойламаңыз, денсаулық маңыздырақ.
- Соңында қазір спортпен шұғылдануға шешім қабылдаған адамдарға кеңес беруіңізді сұраймын, өйткені карантиндер мен локдаундар дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын өсуіне “себепші” болды. Егер адам жетілген жаста спортпен шұғылдануға шешім қабылдаса, оны неден бастау керек?
- Менің ойымша, циклдік және күшті спорт түрлерін біріктіру керек. Циклдік спорт түрлері (жүгіру, жүзу, велосипед) жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесін жаттықтырады, ал күш қолданылатын — бұлшық еттерді шынықтырып қана қоймай, гормондық фонды да реттейді. Бұл әсіресе ерлерге қатысты. Егер әрдайым ер болып қалғыңыз келсе, штанганы көтеріңіз!