Еуровидение 2023 Украинаның орнына Ұлыбританияда өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар осы мәселені талқылады.
«Евровидение» ән байқауы 2023 жылы Украинада өткізілмейді, делінген Еуропалық хабар тарату одағының сайтында.
Байқау ережелері бойынша ол жеңіске жеткен елдің аумағында өткізіледі. Мамыр айында Италияда өткен «Евровидение 2022» байқауын украиналық Kalush Orchestra тобы жеңіп алған еді.
Мәлімдемеде «Евровидение» — әлемдегі күрделі телешоулардың бірі, оны өткізу үшін дайындауға 12 ай қажет. Украинада соғыс қимылдары жалғасып жатыр, бұл шоудың ұйымдастырушыларына қауіпсіздік пен қажетті жұмыс жағдайларына кепілдік бермейді.
Еуропалық хабар тарату одағы британдық серіктестермен Біріккен Корольдік аумағында конкурс өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізеді. Британдық қатысушы Сэм Райдер Евровидение 2022 байқауында екінші орынды иеленген болатын.
«Біз Украинаның «Евровидение-2022″ байқауындағы жеңісі 2023 жылғы байқауда ескереміз. 2023 жылғы байқауды өткізетін елмен келіссөздерде бұған басымдық береміз», — делінген мәлімдемеде.