Еуропалық Одақ РФ-ға энергоресурстық тәуелділіктен құтылғанын мәлімдеді

Еуропалық Одақ газ тұтынуды қысқартуға бағытталған жоспарды жүзеге асырудың арқасында ресейлік энергия көздеріне тәуелділікті жойғанын жариялады. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Тим Макфи мәлімдеді.

Соңғы бір жыл ішінде Еуропа ресейлік энергия тасымалдаушылардан тәуелділіктен құтылуға бағытталған жоспарды сәтті жүзеге асырды. Бүгін біз енді оларға тәуелді емес екенімізді мақтанышпен айта аламыз», — деп мәлімдеді ол.

Еурокомиссия өкілінің айтуынша, ЕО Ресейден көмір импортын тоқтатты, ал осы елден жеткізілетін мұнай көлемі Мәскеудің Украинаға қарсы бастаған соғысы басталғанға дейінгі көлемнен салыстырғанда айтарлықтай қысқарды.

Ол сондай-ақ «Ресей газы еуропалық нарықтан жылдам кетіп жатқанын» атап өтті.

Еске сала кетейік, ЕО-ның Еуроодаққа мүше елдерде газ тұтынуды 15%-ға қысқарту жоспары өткен жылдың тамыз айында Ресей бастаған соғыстан туындаған газ дағдарысына жауап ретінде енгізілген болатын. Осы жоспарға сәйкес ЕО елдері 2023 жылғы наурызға дейін газды тұтынуды кемінде 15%-ға төмендету керек болған.

Добавить комментарий