Еуропада РФ-ға қарсы соғысқа дайындалып жатыр

Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс әлемге Ресей Федерациясының нағыз кім екенін көрсетті. Ресей президенті Владимир Путин билік басында мейлінше көп уақытқа қалу үшін соғыс бастауға дайын. Еуропа елдерінің әскери сарапшылары мен барлау қызметтері Ресей бірнеше жылдан кейін НАТО елдеріне шабуыл жасауға дайын болады деп есептейді. Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері өз азаматтарын алдын ала дайын болуға шақырады. ЕО елдерінің әскери басшылығы барлық ықтимал сценарийлерді қарастырып, адамдарды алдын ала дайындағысы келеді.

Bild басылымы ГФР Қорғаныс министрлігінің құжатына сілтеме жасап ресейлік шабуылды тойтару жоспары туралы мақала жариялады. Басылымның мәліметі бойынша, 2024 жылы НАТО мен Ресей арасындағы шиеленісті қарым-қатынас жаңа кезеңге өтеді. Шиеленіс бірнеше аптадан кейін ушығуы мүмкін. 2024 жылдың ақпан айында РФ 200 мың адамды мобилизациялаудың кезекті легін жариялайды деп күтілуде, бұл Украинаға шабуыл жасауға итермелейтіні анық. Батыстың әскери көмегі қысқаруына байланысты шабуыл сәтті аяқталуы мүмкін. Путин артынан Эстония мен Латвияда этносаралық қақтығыс тудыруы ықтимал. Қыркүйек айында Ресей мен Беларусь «Батыс-2024» бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, ал қазан айында Ресей Сувалк дәлізіне соққы беру үшін Калининградқа орта қашықтыққа ұшатын әскерлер мен зымырандарын жібереді. Бұл жағдайда 2025 жылдың қаңтар айында Польша мен Балтық елдері өз шекараларын бірлесіп қорғау үшін Солтүстік Атлант кеңесін өткізеді. Мұндай жағдайда НАТО-ның шығыс қапталына 300 мың әскери қызметші жіберіледі деп болжануда.

Бұл НАТО мүшелері пысықтап жатқан ықтимал сценарийлердің бірі. ГФР Қорғаныс министрлігі журналистердің сұрақтарына ықтимал нұсқаларды қарастырып жатқанын айтты. Бірақ НАТО елдерінің бірі, Польша Ресейді 2024 жылдың 24 ақпанына дейін әлеуетті агрессор ел ретінде таныды. Польша генералы, «Гром» (GROM) әскери арнайы бөлімшесінің бұрынғы қолбасшысы Роман Полко Ресей мұны әрбір «Батыс» оқу-жаттығуы жиындарында көрсеткенін түсіндірді. Ол экономиканы әскери рельске ауыстырып, халықты мобилидациялауды жүргізуде. Ресей армиясының батысқа қарай алға ілгерілуі ақылға қонымды. Польконың айтуынша, диктаторлар демократиядан қорқып, демократиялық елдерді жер бетінен жойып жіберуге тырысып жатыр. Сондықтан Польша Ресейдің ықтимал шабуылына селқос қарамай, әскери комиссариатқа келмегені үшін жауапкершілікті күшейтіп жатыр.

Елдің саяси және әскери басшылығы Польша шекарасын қорғауға дайын екенін мәлімдеуде, ал поляктар қолдарына қару алып, соғыс алаңына аттануға дайын ба? wPolityce басылымының тапсырысы бойынша Social Changes фирмасы былтыр жүргізген сауалнамада польшалықтардың 50 пайызы әскери қауіп төнген жағдайда елді қорғауға дайын екенін, сауалнамаға қатысқандардың 27 пайызы дайын емес екенін айтты. Респонденттердің 23 пайызы жауап беруге қиналды. Бірақ польшалық социолог Аркадиуш Яблоньскийдің айтуынша, сауалнаманың нәтижесін оптимистік деп санауға болады. Ел азаматтары Отанын қорғауға және НАТО елдерінің басқа халықтарымен бірге соғысуға дайын.

Ресейге қарсы соғысқа дайындалу ЕО-ға болашақта ұрыс қимылдарында көмектесуі мүмкін. Бірақ Украинаға әскери көмекті ұлғайтқан жағдайда бұның алдын алуға болады. Ресей армиясы өз ресурстарын Украинаның шағын ауылдарын шабуылдауға жұмсап, апталап, айлап соғысып жатыр. Егер Украинаға жеткілікті көлемде қару жеткізілме, онда Ресей армиясы жаулап алған аумақтардан әрі қарай алға баса алмай қалады, яғни НАТО Ресеймен соғыспайды.

 

Добавить комментарий