Еуропада 5 миллионнан астам украиндық уақытша қорғау құқығын алды- БҰҰ есебі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-51366-1680510248-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының есебіне сәйкес, Украинаның шығысындағы қақтығыстан кейін 5 миллионнан астам украиндық Еуропаның түрлі елдерінің уақытша қорғауына алынды.

Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 185 мыңға өсті. Уақытша қорғау құқығы бар украиндықтардың басым бөлігі Польшада — 1,577 миллион, ал екінші орында Германия, онда  922 мың адам  тұрады. 173 мыңнан астам украин Италияда, ал 171 мыңы Испанияда жай тапты.

Сонымен қатар, Чехияда 502 мың Украина азаматы, Румынияда 123 мыңнан астам, ал Словенияда 112 мыңнан астам азамат қорғау құқығын алды.

Ұлыбритания 191 мыңнан астам украиналық босқындарды уақытша қорғауына алды. БҰҰ есебі ұлттық үкіметтер ұсынған ақпаратқа сәйкес негізделген.

Добавить комментарий