«Ресей президенті кем дегенде алдағы онжылға РФ-ны әлемнен алшақтатты. Атап айтқанда, Ресей мен Еуропа арасындағы қарым-қатынас нашарлап барады. ЕО елдері ресейліктерге есігін жабу үшін шаралар қолдануда — бұл тек РФ-ның шенділеріне ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтарға да қатысты», — деп мәлімдейді украиналық сарапшылар.
Латвия мен Эстония ресейліктерге қысқа мерзімді виза беруді тоқтатқан алғашқы елдер. Сондай-ақ, Эстония ресейліктерге тұруға ықтиярхат рәсімдеуді тоқтатты. Айта кету керек, ресейліктерге ЕО аумағына кіруіне тыйым салу қандай да бір нақты нәтижелерге алып келеді дегенге сенгендердің қарасы аз болды. Еске салайық, осыдан бірнеше апта бұрын Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктердің ЕО-ға кіруіне толық тыйым салуды ұсынған. 31 тамызда Прагада Еуропалық Одақ елдерінің Сыртқы істер министрлері ортақ шешімге келді. Министрлер қатаң шешім қабылдамады, яғни ресейліктердің Еуроодақ елдеріне кіруіне толық салынбайды, бірақ Украина тарабын қанағаттандырады десе болады.
«Біріншіден, ЕО Ресеймен визалық режимді жеңілдету туралы келісімнің қолданылуын тоқтатады. Осылайша, бұл ЕО-ның ресейліктерге жаңа виза беруін әлдеқайда азайтады.
Екіншіден, ЕО Ресейдің бақылауындағы Украина аумақтарына таратылған РФ паспортын мойындамайды.
Үшіншіден, РФ-мен шекаралас Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде өз шектеулерін енгізу құқығы пайда болады. Айта кетейік, Ресеймен шекаралас ЕО-ға мүше бес мемлекет ел аумағына және Шенген аймағына кіретін ресейліктердің санын азайту үшін «ұлттық шараларды» қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Мәселен, «Құқық және әділдік» партиясының полшалық депутаттары ресейліктерге виза беруді тоқтату туралы Сейм қаулысының жобасын дайындады. Саясаткерлер бұл шара Украинадағы соғысты қолдайтындарға қысым жасау үшін ғана емес, Кремльдің барлау қаупінің алдын алу үшін де қажет деп санайды», — дейді сарапшылар.
Украиналық сарапшылар ЕО қабылдаған шешім Мәскеуге ауыр соққы болып тиді деп есептейді. «Себебі бұл Путиннің соғысы, ал қалғандары кінәсіз деген аргумент өткеннің еншісінде қалды. Ресей СІМ ЕО-ның жеңілдетілген визалық режим туралы келісімді уақытша тоқтату туралы шешімін «өзіне ор қазды» деп атады және оны жауапсыз қалдырмауға уәде берді. Мәскеу әлемдік қоғамдастық Украинаны барлық деңгейде қолдайтынын және бірте-бірте Ресей Федерациясын өркениетті әлемнен шеттетілген мемлекет қылмақшы екенін түсінеді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
«Мәскеу әлемдік қоғамдастық Украинаға қаржылай, экономикалық, гуманитарлық, әскери және басқа да көмек көрсету үшін күш-жігерін біріктіреді деп күткен жоқ. Ресейге бұрын-соңды болмаған санкциялар салынады, бұл РФ-ның қарапайым азаматтарына да әсер етеді. Жағдай осылай қалыптасатын болса, ресейліктердің жаппай наразылығын тудыруы мүмкін, бұл Путин режимі үшін қауіпті. Мәселен, Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Украинаға қарсы соғысқа байланысты қалай да болмасын Ресейге қарсы санкцияларды алып тастамайтынын сендірді», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.