Еуропаға газ жеткізу уақытша тоқтатылды

«Солтүстік ағын» газ құбыры арқылы Еуропаға газ жеткізу уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 11-21 шілде аралығында жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін екі құбыр желісі бойынша газ беру тоқтатылады.

Германия газ жеткізу қайта жанданбайды деп қауіптенуде, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Nord Stream AG компаниясы осы кезеңде газ құбырын тиімді, қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін механикалық компоненттер мен автоматтандыру жүйелерін тестілеуден өткізеді. Бірақ Германияда бұл Ресейден газ жеткізуді толығымен тоқтату үшін желеу деп қауіптенуде.

«Берлин Владимир Путин Украинадағы әскери мақсаттарына қол жеткізу үшін Германияны ауыр экономикалық, содан кейін саяси дағдарысқа ұшыратып, оны ресейлік агрессияға қарсы Украинағы қолдауды азайтуға немесе тіпті тоқтатуға мәжбүрлеу үшін осындай қатаң қадамға баруға дайын деп есептейді», — деп атап өтті неміс басылымы.

6 шілдеде Германия канцлері Олаф Шольц Ресей энергияны қару ретінде пайдаланатынын атап өтті: газ жеткізу көлемінің қысқаруы техникалық себептерге байланысты емес.

Газ жеткізу 21 шілдеден кейін тоқтатылған жағдайда Германияда қолда бар газды жер асты қоймаларына айдай бастайды, егер 1 қазанға қарай 80%-ға, ал 1 қарашаға қарай 90%-ға толса, онда Германияда қысқы жылыту маусымына қарай қайта сақтандыруға арналған қорлар құрылады.

«Солтүстік ағын» — Ресей мен Германия арасындағы Балтық теңізінің түбімен өтетін магистральдық газ құбырының бөлігі. «Ямал-Еуропа» газ құбырлары жүйесінің бір тармағының теңіз бөлігі болып табылады.

Добавить комментарий