Еуроодақ «Редут» ЖӘК-ке қарсы Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруіндегі рөлі және президент Владимир Зеленскийге қастандық әрекеттеріне байланысты санкция салуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Система» және «Схема» тергеу жобалары.
Санкциялық тiзiмнiң жобасында «Редут» Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн бұзуға бағытталған әрекеттерге жауап бередi деп бекiтiлген. Сонымен қатар, «Редут» жауынгерлері президент Зеленскийге жасалған қастандық әрекеттеріне қатысы бар деп аталды.
Украиналық «Система» және «Схемалар» басылымдары жариялаған тергеу мәліметтерінде «Редут» ЖӘК ресейлік БББ әскери барлау қызметінің бақылауындағы әскерге тарту жүйесі делінген. Мәліметтерге сәйкес, аталған жүйеде ресми түрде ресейлік әскери қызметте тұрмайтын және тартымды еңбек шартымен 7 мыңнан 25 мыңға дейін жалдамалылар қызмет етеді.
«Редут» жобасының артында БББ басшысының орынбасары генерал-лейтенант Владимир Алексеев, Алексей Кондратьев және Сергей Дроздов тұр. Алексеев АҚШ пен ЕО санкциясына ұшыраған. Тергеу авторлары түсініктеме алу үшін Ресей Қорғаныс министрлігіне жүгінген, бірақ әзірге жауап берген жоқ.