Суданда лаңкестік шабуылға дайындалып жатыр деген күдікпен Әл-Каиданың тоғыз содыры ұсталды.
Кейбір күдіктілер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұтқындалуға жататын тұлғалардың тізімінде бар.
Суданда «Әл-Қаида» террористік тобының тоғыз содыры (ҚР-да тыйым салынған) араб мемлекеттерінде терактілер сериясын дайындады деген айыппен ұсталды. Бұл туралы Al-Sudani басылымына елдің бас прокуратурасының терроризмге қарсы күрес басқармасының өкілі Ахмед Сүлейман әл-Авад хабарлады.
Оның айтуынша, әр түрлі ұлт өкілдердерінен тұратын террористер ел астанасы Хартумда тұтқындалған. «Олардың арасында сириялық төлқұжатпен жүргендер, сондай-ақ Чад пен Тунистан келгендер болды, — деді әл-Авад. — Ұсталғандардың бірі Сусстағы шетелдік туристерге шабуылдау мақсатында сөй байласты деп айыпталып, оны Тунистің құзыретті органдары іздестіруде».
Оның айтуынша, кейбір содырлар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұтқындалуға жататын адамдардың тізімінде . «Тергеу қорытындысы көрсеткендей, оларға отанында да террористік операцияларды ұйымдастырды және жүргізді деген айып тағылған, — деп атап өтті прокуратура өкілі. — Олардың кейбіреулері Парсы шығанағындағы [елдерге] шабуыл жасауға дайындалу үшін Суданға заңсыз кірген».
Әл-Авадтың түсіндіріп өткендей, айыпталушыларға қатысты тергеу екі ай бұрын басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ол сондай-ақ бұған дейін Судан билігі Біріккен Араб Әмірліктерінің бас прокурорынан оларды елге экстрадициялау туралы өтініш алғанын хабарлады.