Еуроодақ Украиналық электронды қолтаңбасын мойындамақ. Бұл ел азаматтары үшін олардың ЕО-да білікті электронды қолтаңбаны пайдалана алатындығын білдіреді.
Бұл туралы Цифрлық трансформация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сейсенбі күні Министрлер кабинеті украиндықтарға Еуропалық Одақта өздерінің білікті электронды қолтаңбасын (БЭҚ) белгілі бір қызметтерді алу үшін қодлануға мүмкіндік беретін қаулыны мақұлдады. Оның орнына еуропалық электронды қолтаңба Украинада танылады.
«Қазір көптеген украиндықтар шетелде жүр. Білікті электронды қолтаңбаны өзара тану украиндықтар мен біздің кәсіпкерлерге белгілі бір қызметтерді алуға немесе жеке басын сәйкестендіруге септігін тиігезід», — деп түсіндірді Цифрлық трансформация министрлігі.