Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесін берді ұсынды

Еуропалық комиссия (ЕК) Украинаға Еуропалық одаққа (ЕО) кіруге кандидат мәртебесін беруді ұсынды. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Еурокомиссияның ұсынысында Киевке ЕО-ға мүше болу үшін орындауы тиіс шарттар қойылған. 23-24 маусымда Брюссельде өтетін саммитте ЕО көшбасшылары Киевке одаққа кіруге кандидат мәртебесін беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

ЕО-да жеделдетілген қабылдау процедурасы жоқ, Украина үшін бұл процесс он жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін.

Бұдан бұрын Bloomberg ЕК Украина мен Молдавияның ЕО-ға мүше болу үшін өтінімдері бойынша бірқатар шарттар қойғанын жазған болатын. Олар заң үстемдігі, сот төрелігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес принципіне қатысты болады деп болжанған. Одаққа кіруге кандидат мәртебесі берілгеннен кейін кіру шарттары жөнінде келіссөздер басталуы тиіс.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Франция, Германия, Италия және Румыния Киевке ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесін беруге қолдайды деп мәлімдеген болатын. Бұған Нидерланды мен Дания қарсы болғаны хабарланды. Бұл идеяны Польша мен Балтық елдері белсенді қолдады.

Добавить комментарий