Еуразиялық одақта жаңа валюта қашан пайда болады

Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының экономисі Евгений Винокуров ЕАЭО елдерінің валютасы қашан пайда болатыны туралы айтып берді. Ол ұсынған болжамға сәйкес, бұл 10 жылдан кейін болады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері бірыңғай валютаны енгізу туралы сөз қозғамас бұрын бірқатар шарттарды орындауы тиіс, деп мәлімдеді бас сарапшы.

Сарапшы Еуразиялық даму банкі бұған дейін бірқатар іргелі жұмыстар жүргізгенін, онда ЕАЭО елдерінің бірыңғай валютасы тақырыбын зерттегенін айтты.

«Біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі кезде және осы сәтке дейін ештеңе өзгерген жоқ және солай қалады, бірыңғай валютаны енгізу — шартты еураз, алтын — ЖІӨ үшін жағымсыз әсерін тигізер еді», — деді Винокуров «Халықаралық есеп айырысуда ЕАЭО ұлттық валюталарының рөлін арттыру» сараптамалық баяндамасының онлайн-тұсаукесерінде.

Оның пікірінше, ұзақ мерзімді перспективада бұл тақырыпқа бірнеше шарттар іске асырылған жағдайда қайта оралуға болады. Олардың ішінде — ішкі тұрақтылықты арттыру, сауда көлемін көбейту, өзара инвестицияларды ұлғайту, валюта нарықтарын реттеуді біріздендіру, ақша-кредит саясатындағы тәсілдерді үйлестіру.

«Егер ЕАЭО аясында прогресске қол жеткізілсе ғана, бірыңғай валюта тақырыбына оралуға болады. Менің ойымша, алдағы онжылдықта бұл тақырып күн тәртібінде тұрған жоқ», — деп түйіндеді Винокуров.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей болып табылады.

Добавить комментарий