Зертхана анықталып, оны ашқан адам 2020 жылдың тамыз айында Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бау-бақшалардың бірінде ұсталды.
Есірткі зертханасына айналған үйден синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, аса ірі көлемдегі дайын өнім — «Мефедрон» және а-PVP психотроптық заттар тәркіленді, — деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.
polisia.kz сайтында белгілі болғандай, синтетикалық есірткі өндірісі үшін қолданылатын заттар мен зертханалық қондырғылардан тұратын жүктің Алматыдағы көлік-логистикалық компаниялардың біріне жеткізілуі полицияның назарын аудартты. “Жүктің” тапсырыс берушісі 45 жастағы К.есімді ер адам болып шықты.
Жүргізілген арнайы іс-шаралар оның заңсыз әрекетін және есірткі зертханасын анықтады. Ер адам ұсталды және сот оны ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі көлемде психотроптық затты сату мақсатында заңсыз дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.