Есірткі қылмысына Madmen тобының қатысы бар

Кешегі полиция ұстаған есірткі сатушылардың арасында қазақстандық Madmen тобының мүшелері бар болып шықты. 2021 жылдың 21 сәуірінде полиция қызметкерлері 21-30 жас аралығында ұсталған 10 адам туралы есеп бергеннен кейін жанжал туындады. Олардың барлығы есірткі желісінің қатысушылары.

Қылмыстық топтың жетекшісі 2020 жылдың қыркүйек айында тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы бір азамат бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні жасаумен және сатумен айналысқан.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, синтетикалық есірткіні өндіру үшін пайдаланылатын жалға берілетін тұрғын үйді рұқсат етілген тінту нәтижесінде құрамында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл ұнтақты зат табылды және тәркіленді.

Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында Madmen тобының мүшелері болды. «Синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен ұсталған он адамның екеуі аталған шығармашылық топқа қатысы бар», — деді полициядағылар.

Естеріңізге сала кетейік, рұқсат етілген тінту жұмыстары бірнеше мекенжай бойынша жүргізілді. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий