Көкшетауда интернет арқылы синтетикалық есірткіні сатқан адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
41 жастағы қала тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылып, оның мүлкі тәркіленуі мүмкін.
«Тамыз айында Ақмола облысы полиция қызметкерлері «Заклад» жедел-іздестіру іс-шаралары аясында облыс орталығының тұрғыны ұсталды, ол жедел уәкілдердің мәліметінше, синтетикалық есірткіні қойып кетуші болған. Ұсталған адамды жеке тінту барысында 20 орама синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді, сондай-ақ ер адам жасырған жерден 60 орама тәркіленді», — деді Ақмола облысы ПД ЕҚК аға жедел өкілі Різия Кұрсанова.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы («Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған адамнан 104 грамм «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді.
«Қылмыстық әрекетінің қауіптілігін ескере отырып, ұсталған ер адам 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД ЕҚК бастығы полиция полковнигі Мейрам Жапбасов.