Есірткі сатумен айналысқандардан 12 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Қарағанды облысында есірткі заттарын саудалаған күдіктілер ұсталды. Жедел іс-шара барысында олардан 12 млн теңгені құрайтын есірткі тәркіленді.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп Қарағанды облысының 26 және 23 жастағы екі тұрғынын ұстады, Олар Өскеменде жалдамалы пәтерде тұрып, әлеуметтік желілер арқылы психотроптық заттарды сатумен айналысқан.

«Тінту барысында психотроптық заттардың 1000-нан астам дозасы, сондай-ақ өлшеп-орауға арналған құралдар (таразы, пакет) тәркіленді», — деп хабарлады полициядан.

Күдіктілер Өскемен қаласы ҚК уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кету керек, «қара нарықта» тәркіленген психотроптық заттардың бағасы 12 миллион теңгені құрайды.

Добавить комментарий