Ешқашан жүзеге асырылмайтын жобалар: 5,9 млрд теңге ауаға кетті

Ешқашан қаржыландырылмайтын жобалау-сметалық құжаттамаға мөр басуды жалғастырып келеміз». 5,9 млрд теңгеге әзірленген ЖСҚ қажетсіз болып шықты.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу кезінде республикалық бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылғанын айтты. Мәжіліс отырысында Наталья Годунова мердігерлер мен жеткізушілер арқылы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын айтты.

Аудиторлық палата төрағасының айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауы және жоғары инфляция жобалар құнының көтерілуіне әкелді. Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттаманы асыра бағалау 30%-ға дейін және жылына шамамен 1 трлн теңге мөлшерінде бағаланады деп болжанған болатын, бірақ қазір бұл сома күтілгеннен едәуір асып түседі.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы бұл қажетсіз жұмсалған қаражат апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешуге, сондай-ақ жағдайы мүшкіл жылу желілері мен ЖЭО-ны жөндеуге болатынын атап өтті. Алайда, оның орнына ешқашан қаржыландырылмайтын жобалау-сметалық құжаттамаға мөр басуды жалғасып жатыр. 2017-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 5,9 млрд теңгені құрайтын 292 ЖСҚ қажетсіз болып қалды..

 

Добавить комментарий