Сіз кино орталығының ұжымынан не күтесіз?
Мен әріптестеріме алдына қоятын басты талабым — қаржылық тәртіп. Бұл біздің жұмысымыздың абсолюттік, міндетті, бұлжымас факторы. Екіншіден, бізде кино дегеннің не екеніні түсінетін адамдар жұмыс істеуі керек. Біз кино қоғамдастығына барынша тиімді қызмет етіп, идеялардың генераторы бола алуымыз керек. Ал жаңа ұжым келгенде «рахмет, сіздер өздеріңізден кейін сауатты жолға қойылған процестерді қалдырдыңыздар, жақсы жобалар жасадыңыздар және қиын уақытта біздің кинематографистерге қолдау көрсете алдыңыздар» дейтіндей болуы керек, — деді.
Қазір біз кинотеатрлар жұмысындағы өте ауыр кезеңді байқап отырмыз. Біз осыдан жиырма жыл бұрын бәрі қалай сәтті басталғаны есімізде. Сіз, айтпақшы, Алматыдағы «Рамстор» сауда орталығында алғашқы кинотеатр ашқан едіңіз. Содан кейін кинозалдар басқа сауда-ойын-сауық орталықтарында жаппай іске қосыла бастады. Енді жұмыс қалай құрылатын болады?
Бүгінде айналамызда жаңа парадигмаларды пайда болуда және соларға ілесіп үлгеруіміз керек. Қолданылған, белгілі жұмыс тәсілдеріне сене бермей, кинопрокаттың өзекті мәселелеріне жан-жақты қараған жөн. Егер ертең пандемия жалғасатын болса, біз тоқтамауымыз керек, бізде қосалқы шешім болуы керек, дайын өнімді көрерменге жетуіне немқұрайлы қарамау керек.
Бүкілресейлік Мемлекеттік теле-радио компаниясына қараңыз, жақында «Смотрим» деп аталатын жаңа медиа-платформаны іске қосты. Олар бүгінде кинотеатрлардың халықтың сұранысын толық қамтамасыз ете алмайтынын түсінді. Олар онлайн-кинотеатр, цифрлық қабылдағыш және ақпараттық порталды қамтитын тағы бір қуатты стриминг құрды. Ал классикалық кинопрокатқа келсек, мен бірнеше жыл бойы мүдделі құрылымдармен Халыққа арналған 100 кинотеатр жобасын құру мәселелерін талқылап келемін. Мен бүгін қамтымаған аудандар мен моноқалаларға жетуіміз керек деп ойлаймын. Бірақ, маған сенсеңіз, ұлттық кино адамдар өз ана тілінде сөйлейтін жерде сұранысқа ие болады. Қырғызстан мен Якутияға қараңыз, олар өздерінде шағын үш залдық кинотеатрлар немесе көшпелі кинотеатрларды ашуда.
Егер әңгіме өңірлер туралы болса, дәл осы өңірлерде үлкен шығармашылық ресурс, таланттар ордасы қаланғанын атап өткім келеді. Кино орталығының міндеті талантты жастар үшін гранттар жүйесін құру. Соларды қолдаумен айналысуымыз керек, жас ұрпаққа мұқият қарауымыз керек, бұл өте маңызды.
Өкінішке орай, биылғы жылы кино саласының тағы бір маңызды саласы үйреншікті офлайн форматтан жоғалып кетті — бұл фестивальдар. Сізге бұл тақырып ерекше жақын болуы керек. Сондықтан бұл саланы одан әрі қалай дамыту керек деген сұрақ қойғым келеді?
Біле білсеңіз, Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте осы халықаралық кинофорумды жоғары деңгейде өткізген алғашқы мемлекет біз едік. Өкінішке орай, келесі жылдары фестиваль Рустам Ибрагимбеков, Никита Михалков, Дүйсен Қасейінов, марқұм Ораз Рымжанов негізін қалаған фестиваль жыл өткен сайын өзінің рухы мен басты идеологиясын жоғалта бастады. Енді «Еуразияны» сол деңгейге қайтару керек. Бірақ мұны жыл бойы жұмыс істейтін кинофестивальдің тұрақты дирекциясы құрылса ғана жасауға болады. Мұндай жобаны дайындау — фильмдерді іздеу, іріктеу комиссиясының жұмысы, қазылар алқасын құру, әкімшілік-қаржылық және басқа да бірқатар мәселелерді қамтитын орасан зор жұмыс. Ал пандемияны ескере отырып, жобаның өзін өткізудің жаңа түрлерін іздеуге тура келеді.
Жаңа жыл жақындап қалды. Қазақстандықтарға қандай тілек айтар едіңіз?
Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл пандемия бізді көрермендерімізден алыстатты жіберді, бірақ біз сіздермен қарым-қатынас жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді қолдануға тырыстық, әрине болашақта да байланыстың үзілмеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. 2021 жыл көптен күткен кездесуді алып келетініне сенімдімін!