Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Гидрометеорологиялық орталықтың қызметкерлері хабарлағандай, ертең, сенбі, 30 қазанда еліміздің басым аумағында көшпелі бұлт шығады.

Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстағы жекелеген аудандарда тұман түседі, 900 метрге дейін көру мүмкіндігі төмендейді,

Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 4-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Ел аумағында жойқын геомагниттік дауыл күтілуде.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде −6 +1°С, күндіз ауа температурасы 0 +4°С жылы болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде +2 +10°С, күндіз +7 +14°С шамасында болады.

Еліміздің шығыс өңірлерінде түнде +2 +3°С, күндіз ауа температурасы + 5 +8°С дейін жылы болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде −1 +6°С , күндіз +10 +14°С дейін жылиды.

Добавить комментарий