Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 21 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Ел аумағының басым бөлігінде көбінесе қар, көктайғақ, бұрқасын түрінде жауын-шашын сақталады.
Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10… -12°С, күндіз -7… -9°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кеш бата жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -4… -6°С, күндіз + 2… + 4°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -1… + 1°С болады.