Ертең, 2021 жылғы 4 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет еліміздің солтүстік-шығысында ғана жаңбыр жаууы мүмкін екенін айтты. Қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Бұрынғысынша Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсері сақталатындықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек солтүстік-шығыста және батыста атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі, Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі

Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 жылы болады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соққан жел 7-1 м/с-қа дейін жетіп, шығысқа қарай ығысады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градусқа дейін көтеріледі.

Добавить комментарий