Полиция қызметкерлері бүгін таңертең Ереванда болған наразылық шарасында 50-ден астам белсендіні ұстады.
Бүгін таңертең Армения полициясы ел астанасы Еревандағы наразылық шараларына қатысқан адамдарды жаппай ұстауға кірісті. Ведомствоның баспасөз қызметінен алынған ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сағат 09: 00-де 53 азамат ұсталды.
«Қызыл берет» деген атпен танымал полиция арнайы жасағы қала орталығындағы көшелерді жауып тастаған оппозициялық белсенділерді ұстады. Алдымен полицейлер дауыс зорайтқыштар арқылы қала орталығындағы Туманян-Сарьян қиылысын жолын жауып тастауға тыйым салынғанын ескерткен, артынан 10-ға жуық белсендіні ұстады.
Қазіргі таңда Ереванның әр жерінде наразылық акциялары өтіп жатыр, елдегі жағдай шиеленісіп тұр. Оқиғалардың даму барысын бақылап, толығырақ ақпарат беріп отырамыз.