Ересектер инстаграмда бөтен балалармен сөйлесе алмайды

Инстаграмның жаңа функциясы балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік желілердегі жағымсыз және қауіпті байланыстардан қорғауға арналған.

Енді ересек әлеуметтік желі пайдаланушылары, егер кәмелетке толмаған балаға жазылмаған болса, оған хат жібере алмайды.

Бұл туралы Instagram блогында хабарланды.

Егер ересек адам инстаграмда өзі жазылмаған жасөспірімге хат жіберетін болса, балаға сөйлесуге болмайтыны туралы хабарлама келеді.

Бұдан басқа, егер ересек адамда «ықтимал күдікті әрекеттер» байқалса, мысалы, достарына көп жасөспірімдерді қосатын болса, балаларға тиісті хабарландыру келеді. Мұндай аккаунттарды бұғаттап, оған шағымдануға болады.

Instagram егер тіркелгенде пайдаланушының нақты жасы көрсетілсе, бұл жаңашылдық жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, компания жасанды интеллект көмегімен жасын анықтау үшін технологияны әзірлеуді жалғастыратынын атап өтті.

Жаңа функция осы айда кейбір елдерде жұмыс істей бастайды, кейінірек ол бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Добавить комментарий