Түркия Президенті әкімшілігінің ресми дереккөзі Ердоғанның Сочиге (Ресей) сапарына белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын, бірақ нақты қай күні келетіні келісіліп жатқанын растады.
«Ұйымдастыру және дайындық процестері жалғасып жатыр. Қазіргі таңда сапардың нақты күні анықталған жоқ, келісіліп жатыр», — деп дереккөз 4 қыркүйекте Ердоғанның Сочиге ықтимал сапары туралы БАҚ-та пайда болған жаңалықтарға қатысты түсініктеме берді.
БАҚ беттерінде президент Путин мен Ердоған Сочи қаласында кездесуді жоспарлап отырғаны және 4 қыркүйекке белгіленгені туралы хабарланды. Сондай-ақ, Түркияның Habertürк телеарнасы бұл нұсқаны растап, Ердоған 4 қыркүйек күні келуі мүмкін екенін айтты.