Ердоған Путин мен Зеленский арасындағы келіссөздерді маңызды деп санайды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің басты мақсаты бейбітшілік орнату үшін Ресей мен Украина президенттерінің келіссөздерін ұйысдастыру екенін мәлімдеді.

Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын. Бұл туралы кішіазиялық елдің президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu басылымы.

«Біздің мақсатымыз — Түркияда президент Путин мен Зеленский арасында келіссөздер ұйымдастыру», — деді Ердоған.

Сондай-ақ, ол Украинаның теңіз маңы порттарынан астық экспортын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Ердоғанның айтуынша, бұл украиналық астықты тұтынатын Жер халқының шамамен 30%-ы үшін зор маңызға ие.

Добавить комментарий