Ердоған Израиль Премьер-министрі Нетаньяху Түркия үшін қас екенін айтты

Түркия президенті Тайып Ердоған түрік жастары өкілдерімен кездесу барысында Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху дос емес екенін мәлімдеді.

«Нетаньяху біз үшін ешқашан дос болған емес және ол ешқашан болмайды да. Біз Нетаньяхуға қарсы күресті одан ары жалғастырамыз «, — деп атап өтті түрік президенті.

Анкара Таяу Шығыстағы шиеленіс басталғалы бері Израильді Газа секторындағы әскери шабуылдары үшін қатаң сынға алып, әскерилердің әрекеті қылмыстық сипатқа ие деп санайды.

Газа секторындағы палестиналық радикалды топтар мен Израиль әскері 10 мамырдан бері әуе соққыларымен алмасып жатыр. Шығыс Иерусалимде орналасқан Әл-Ақса мешіті маңында Израиль сотының Шейх-Джаррах ауданында тұратын араб отбасыларынан күштеп көшіру туралы шешімінен кейін басталған тәртіпсіздіктердің арты зымыран шабуылдарына ұласты. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, қаза тапқан адамдардың саны 237-ге жетті, оның ішінде 217-і Газада, олардың арасында 60-тан астам бала мен 36 әйел бар. Ал Израиль тарапындан кемінде 12 адам қайтыс болды.

Добавить комментарий