БАҚ-тың хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Джефф Флейкпен алдағы кездесулерден бас тартқан.
Бұған дипломаттың негізгі оппозициялық Халықтық-республикалық партиясынан президенттікке кандидат Кемал Қылычдароғлымен кездесуі себеп болған, бұл Түркия президентінің шамына тиген.
Ердоған Флейк үшін есік жабық екенін және бұдан былай елшімен кездеспейтінін мәлімдеді.
Түркияда президент пен парламент сайлауы 14 мамырда өтеді деп жоспарлануда, ал бұған дейінгі 2018 жылдың маусым айында өткен президент сайлауында Ердоған жеңіске жеткен. Ол сайлаушылардың 50%-дан астам дауысын жинады.