Ер адам Ауғанстаннан Өзбекстанға 9 келі апиын тасымалдамақ болған

Өзбекстанда шекарашылар Ауғанстаннан 9 келі апиын тасымалдамақ болған есірткі курьерін қолға түсірді. Операция МҚҚ жедел уәкілдерімен бірлесіп жүргізілді. «Сурхандарья облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері мен Шекара әскерлерінің әскери қызметшілері жүргізген жедел іс-шара барысында Әмудария өзені арқылы Өзбекстан аумағына заңсыз өткен Ауғанстан азаматы ұсталды.

Оны жеке тінту кезінде 9 келі 84 гр. апиын есірткі құралы анықталып, процессуалды тәртіпте тәркіленді», — деп атап өтті МҚҚ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий