ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Украинадағы сияқты қақтығыс орын алған жағдайда Еуроодақ Грузия мен Молдоваға қолдау көрсетеді деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған елдерге «Ресей қауіп төндіріп отыр».
ЕО Грузия мен Молдавияның аумағында қарулы қақтығыс орын алған жағдайда Украинаға көрсетілген көмек сияқты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Брюссельде грузиялық журналистерге мәлімдеді.
«Біз Грузияға қолымыздан келгенше көмектесеміз. Грузия мен Молдавияға Ресей қауіп төндіріп отыранын білеміз, және біз оларға Украинаға көрсетілген көмек сияқты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бақытымызға орай, Грузия мен Молдавияда соғыс болып жатқан жоқ», — дейді Грузияның Қоғамдық хабар таратушы бірінші арнасы Боррельдің сөзін келтіріп.