ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинаға кім кибершабуыл жасағанын айту үшін дәлел жоқ екенін хабарлады.
ЕО-ға мүше елдердің елшілерімен шұғыл кездесу өтті, онда Украинаға жасалған кибершабуылға байланысты қандай көмек көрсету керектігін және мұндай шабуылдарға қарсы тұру қабілетін арттыру мақсатында қандай техникалық көмек көрсете алатынын шешті. Бұл туралы ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель жұма күні Бресте өткен ЕО сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде мәлімдеді. Оның сөйлеген сөзі Еурокомиссияның сайтында трансляцияланды.
«Біз бүгін таңертең ЕО елшілерінің шұғыл кездесуін өткізіп, Украинаға мұндай шабуылдарға қарсы тұру қабілетін арттыру үшін оған қандай техникалық көмек көрсете алатынымызды талқыладық. Біз бұған барлық ресурстарымызды жұмылдырамыз», — деп мәлімдеді Боррель.
Оның айтуынша, ЕО-ның ешқандай дәлелі жоқ, бірақ Украинаға кім кибершабуыл жасағанын іштей біледі. «Бұл шабуылдың артында кім тұрғанын айта салу оңай емес, бірақ біз іздеп жатырмыз. Мен біреуді кінәлай алмаймын, себебі бізде дәлел жоқ, бірақ біз іштей біліп отырмыз», — деді ол.