ЕО Украинаға РФ-ның бұғатталған активтерінен €3 млрд бөлуге ниетті

Еуропалық Одақ Украинаға қосымша қаржылай көмек көрсету стратегиясын белсенді пысықтап жатыр, ол осы мақсатқа €2-€3 миллиард жұмсауды жоспарлап отыр. Қаржыландыру бұғатталған ресейлік активтерден түскен табыстан бөлінеді. Financial Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, алдағы саммит қарсаңында ЕО-ға мүше мемлекеттер жоспарды мақұлдаған жағдайда, Украинаға биыл шілде айында алғашқы қаражат жіберілуі мүмкін екенін атап өтті.

Euroclear депозитарийінде шамамен 190 миллиард еуро мөлшеріндегі ресейлік активтер РФ-ның Украинаға қарсы агрессиясына байланысты бұғатталды. Қақтығыс басталғаннан бері 3,85 миллиард еуро көлемінде кіріс түскен. 2027 жылға дейін жалпы пайда шамамен 20 миллиард еуроға жетуі мүмкін деп күтілуде.

Әуел баста ЕО қаражаттың бір бөлігін Украинаны соғыстан кейінгі қалпына келтіруге жұмсауды жоспарлаған болатын. Алайда, Конгрестегі республикашылдар әскери көмек көрсетуіне кедергі келтіріп, АҚШ тарапынан экономикалық қолдаудың төмендеуіне байланысты жоспар өзгерді.

 

Добавить комментарий