ЕО РФ-ны ДХР және ЛХР-мен сауданы кеңейтуге бағытталған заңның күшін жоюға шақырды

Еуроодақ Ресей Федерациясын ДХР және ЛХР-ға түсетін тауарлар көлемін ұлғайтуға бағытталған заңның күшін жоюға шақырды. Брюссельдің пікірінше, бұл заң Украинаның шығысында қалыптасқан жағдайды одан ары шиеленістіреді.

Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы саяси қызметі өкілінің сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.

«Еуропалық одақ Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің 15 қарашада қол қойған заңның қабылданғанына өкініш білдірді, аталған заңға сәйкес Украинаның Донецк және Луганск өңірлеріндегі уақытша бақылаусыз жатқан аудандардан тауарлардың [Ресей нарығына] қолжетімділігін кеңейту үшін сауда ережелерін жеңілдетеді — делінген мәлімдемеде. — ЕО Ресейді бұл заңның күшін жоюға және Украинаның шығысындағы қақтығыстың шиеленісуіне алып келетін біржақты шараларды қабылдауды тоқтатуға шақырады».

 

Добавить комментарий