ЕО сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы жаңа санкцияларды дайындау, сондай-ақ Украинаға қару жеткізу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Reuters басылымы ЕО Сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррельге сілтеме жасап хабарлады.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның брифингінен кейін министрлер өз командаларына «Ресей экономикасының неғұрлым маңызды секторларына» және Украинадағы агрессивті соғысқа жауапты тұлғаларға қарсы сегізінші санкция пакетін дайындауды тапсыруға келісті. ЕО министрлері келесі ресми кездесуін қазан айының ортасында өткізеді.
Олар сондай-ақ Украинаға қару жеткізуді ұлғайту туралы келісімге келді. Боррель санкциялар немесе әскери көмек туралы егжей-тегжейлі мәлімет беруден бас тартты, бірақ оның пікірінше, блокта жаңа шараларға «бірауыздан» қолдау көрсетіледі.
Блогқа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте БҰҰ-дағы әлемдік көшбасшылардың жыл сайынғы жиналысына келді.