ЕО РФ-ға қарсы жаңа санкциялар пакетін салуды жоспарлап отыр

Еуроодақ Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін салуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Санкциялардың ресейлік мұнайға қатысты егжей-тегжейі әзірге келісілмеді. Мамыр айында Еуроодақ 2027 жылға қарай ЕО-ның ресейлік газға, мұнайға және көмірге тәуелділігін жою туралы жоспарын ұсынуды жоспарлап отыр.

Санкциялардың жаңа пакеті Ресейден шығатын мұнай импортына әсер етеді.

Еурокомиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскистің айтуынша, санкция Ресейге қысымды күшейтуі тиіс, бірақ бұл ретте ЕО елдері үшін келтірілетін залалды азайтуы керек.

Украина аумағында әскери қақтығыс басталғаннан кейін Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салына бастады. Бірінші кезекте олар банк секторына және жоғары технологиялық өнімдерді жеткізуге кері әсер етті. Жекелеген брендтер елдегі жұмысын тоқтатқанын жариялады.

Еуропада жанармай бағасының өсіп, оның салдарынан азық-түлік инфляциясы орын алды.

Добавить комментарий