ЕО ресейліктерге виза беруді тоқтату мәселесін талқыламақ

Германия Еуроодақ Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салу мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді.

Еуроодақ Украинадағы арнайы әскери операцияға байланысты Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін талқылауда.

Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт хабарлады, деп жазады РИА Новости.

ГФР министрлер кабинетінің хабарлауынша, талқыланатын мәселелердің бірі — ресейліктерге шенген визасын беруді тоқтату. Бұған дейін Еурокомиссияның (ЕК) ресми өкілі Анита Хиппер ЕО-ның шетелдіктерге қысқа мерзімді виза беруге тыйым салудың бірыңғай рәсімі жоқ екенін айтқан болатын.

«Бұл мәселеге қатысты әзірге федералдық үкімет тарапынан да бірыңғай ұстаным жоқ», — деп мәлімдеді Хебештрайт журналистердің неміс канцлері Олаф Шольц ресейліктерге визаға тыйым салу бастамасын қолдайды ма деген сауалына.

Добавить комментарий