ЕО ресейлік газдың орнына Әзірбайжан газын сатып алуға ниетті

Еурокомиссия ресейлік газдың орнына әзірбайжандық газды сатып алуды ұсынды.

Газ Оңтүстік газ дәлізі арқылы жеткізілетін болады.

Еуропалық комиссия ЕО елдеріне Ресейге тәуелділікті азайту үшін Әзірбайжанмен газ импорты туралы келісім жасасуды ұсынды, деп хабарлайды Reuters.

Меморандум жобасы бойынша, Еуропалық одақ 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 20 млрд текше метр әзірбайжандық газды алуды жоспарлап отыр. Газ Оңтүстік газ дәлізі арқылы жеткізіледі.

Жобада екі тарап Еуропаға газ жеткізуді ұлғайту үшін осы желіні кеңейтуді қаржыландыруды көтермелейтіні айтылған.

Жеткізілім көлемінің өсуі Әзірбайжаннан өз газ өндірісін ұлғайту талап етеілді.

Добавить комментарий