ЕО Ресейге ковидтік сертификаттарды өзара тануды ұсынды

Еуроодақ Ресейге вакцинация туралы мәліметтерді қамтитын ковидтік сертификаттарды өзара тануды талқылау туралы ұсыныс жасады.

Аталған ұсынысты сәрсенбі күні Еуроодақтың Ресейдегі елшісі Маркус Эдерер Денсаулық сақтау министрлігіне жолдады.

«Біз ковидтік сертификаттар мәселесін шешуіміз керек. ЕО-да азаматтарға одақ ішінде еркін саяхаттауға мүмкіндік беретін цифрлық сертификат, сондай-ақ осы сертификаттарды басқа осындай сертификаттармен баламалы деп жариялауға мүмкіндік беретін заң бар екенін білесіздер. Біз осы тұрғыда Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, Ресейдің осы процеске мүдделі ма, жоқ па екенін талқылауды ұсындық», — деді ол.

Добавить комментарий