Бүгін, 2021 жылғы 5 қарашада Қырғызстанда «Еуропалық одақ-Орталық Азия» бірінші экономикалық форумы өтті. Іс-шараға бірқатар елдердің басшылары, ЕО өкілдері қатысты.
Қырғызстан Министрлер Кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров журналистерге форум Орталық Азиядағы бес елдің әрқайсысында өтетінін айтты.
Аталған ұсынысты қырғызстандық тарап енгізді, оны барлық қатысушылар қолдады.
«Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің ұсынысы бойынша келесі форум ҚР-да өтеді. Біз Бішкекте өткен іс-шараның қорытындыларын талдаумен және жаңа форумдарға дайындықпен айналысатын форум хатшылығын құруды ұсындық», — деді Ақылбек Жапаров.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бішкекте «Еуропалық одақ — Орталық Азия» бірінші экономикалық форумы өтуде.