ЕО-ның Ресейге қарсы санкция салу күші жетпейді: Италия премьерінің пікірі

Италия премьер-министрі ЕО-ның Ресей Федерациясына қарсы санкция салуға күші жетпейді деп хабарлады.

Марио Драганың пікірінше, Еуроодақ РФ-ға қатысты «жмылдыру саясатын» жүргізуді жалғастыруы керек.

Италия премьер-министрі Марио Драги қазіргі уақытта Еуроодақтың (ЕО) газ саласында Ресейге қарсы санкция салуға жеткілікті мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді.

«Бізде, еуропалықтарда, экономикалық тежеуге максимум бірнеше факторлар бар. Алайда, егер біз (Ресейге қарсы — ред.) газға қатысты санкция салатын болсақ, онда біздің (ЕО — ТАСС) шын мәнінде оған шамамыз жете ме? Біз жеткілікті дәрежеде күштіміз бе? Ол үшін бұл сәт қолайлы ма? Әлбете жоқ», — деп атап өтті Драга сәрсенбі күні Италия үкіметінің YouTube ресми арнасында өткен баспасөз конференциясында.

Италия премьерінің пікірінше, Еуроодақ РФ-ға қатысты «жмылдыру саясатын» жүргізуді жалғастыруы тиіс. Драги Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденмен байланыс орнату арқылы «қайтымсыз салдарларға алыр келмейтін келіссөздер жағдайында қалғысы келетінін» атап өтті.

Италия үкіметінің басшысы сондай-ақ «НАТО-ның стратегиялық басымдықтары» қазіргі уақытта Еуропамен байланысты емес екенін атап өтті. «Қазіргі таңда НАТО басқа стратегиялық басымдықтарға көңіл бөліп жатыр, мәселен Үндістан-Тынық мұхиты өңіріне. Бұл НАТО-ның Еуропада жоқ екенін білдірмейді», — деп мәлімдеді Премьер-Министр.

15 желтоқсан күні Сенатта (парламенттің жоғарғы палатасында) сөйлеген сөзінде Драги «Солтүстік ағым-2»-ге санкция салу қажеттілігі туындамағаны жөн деп мәлімдеді, себебі бұл энергетикалық нарықтағы бағаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ол газ құбыры ЕО мен Ресей арасында келіссөздер жүргізу құралы болып қала беруі тиіс екенін атап өтті.

Ресей тарапы «Солтүстік ағым-2» тек қана коммерциялық жоба екенін және еуропалық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқанын бірнеше рет атап өтті. Мәскеу энергия ресурстарын ешқашан қысым құралы ретінде пайдаланбағанын бірнеше рет мәлімдеді. Бірқатар еуропалық елдер, сондай-ақ АҚШ Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты газ құбырына санкция саламыз деп сес көрсетуде.

Добавить комментарий