ЕО: Мектептер және балабақшаларда шамамен 500 мың украиналық балалар бар

Еурокомиссия Еуроодақтағы мектептер мен балабақшаларда жарты миллионға жуық украиналық бала оқып жатқанын айтты.

«Ресей Украинаға баса-көктеп кіргеннен кейін ЕО жылдам әрекет етіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Қазірдің өзінде 492 647 украиналық бала ЕО елдерінің ұлттық мектеп жүйелеріне біріктірілді», — деп хабарлады Еурокомиссияның миграция және ішкі істер жөніндегі бас директоры.

Неміс мектептері мен балабақшаларында соғыс салдарынан елден кеткен 146 мыңнан астам украиналық бала оқып жатыр.

Польша да шетте қалмады — мемлекет шамамен 200 мың украиналық балақайларды қабылдады, оның ішінде 160 мыңы мектепте оқиды, тағы 40 мыңы балабақшаларда.

«Европейская правданың» мәліметінше, Украинадан 4 миллионға жуық босқын Еуропа елдерінде уақытша қорғау мәртебесін алу үшін өтініш берген.

Добавить комментарий