Еуроодақ кеңесі Украинаға 1 млрд еуро көлемінде макроқаржылық көмек көрсету бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, ол соғыс жағдайында экономиканы қолдауға бағытталады.
Бұл туралы Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис мәлімдеді.
Тиісті шешімді Еуроодақ министрлері қолдады.
«Украинаға 1 миллиард еуро! Жедел қабылдаудан кейін ЕО соғыстан зардап шеккен мемлекетке макроқаржылық көмек көрсетуді ұсынады. Ақша әр салаға жұмсалады», — деп хабарлады чех төрағалығы Twitter-дегі парақшасында.