ЕО РФ-ға санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкция салуды қарастыруда.
ЕО санкцияларды айналып өтіп, ресейлік мұнайды тасымалдап жатқан кемелерге порттарға кіргізуге тыйым салмақ.
Еуропалық комиссия әзірлеп жатқан санкциялар пакетінде Ресей мұнайы бойынша шектеуді бұзатын кемелерді еуропалық порттарға кіруге тыйым салу туралы ұсынысты қамтылған. Оның үстіне, комиссия «жалған әрекеттердің және олармен байланысты экологиялық қауіптердің күрт ұлғаюына» байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілуі керектігі алға тартылған.
Себебі кейбір кемелер Ресей мұнайының ЕО-ға теңіз импортына тыйым салынғанына көз жұма қарап, теңіздегі басқа кемелерге құйып жатыр. Ресей батыс мемлекеттерінің ескі кемелерімен танкерлердің «көлеңкелі флотын» құрды. Кемелер санкцияларды бұзатын болса, олар еуропалық порттар мен шлюздерден шығарылуы тиіс. Еуроодақ сондай-ақ Ресейге қарсы енгізілген шектеу шараларын айналып өтуге көмектесіп жатқан үшінші елдерге қарсы жаңа санкциялық механизмді талқылап жатыр.