Еуроодақ Ресей мен Беларуське қарсы экономикалық санкциялар салу арқылы қысым жасауды жоспарлап отыр.
«Біз қазірдің өзінде ауыз толтырып айтарлықтай санкциялар салдық және бұрынғыдай жылдам шектеу шараларын қабылдауға дайынбыз», — делінген қорытынды коммюникада.
Қандай шаралар қабылданатыны нақты аталмады. ГФР канцлері Олаф Шольц еуропалықтар үшін Еуроодақ салған санкциялардың салдары «мүмкіндігінше болмашы» болуы керек екенін атап өтті. «Бұл алдағы уақытта да осы бағытты ұстануға ниеттіміз», — деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Латвия Премьер-министрі Кришьянис Каринь кездесу барысында РФ президенті Владимир Путинді «келіссөздер үстеліне отыруға» мәжбүрлеу үшін ресейлік энергия көздерін импорттаудан дереу бас тартуға шақырды.
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен осыған байланысты: «Бізге жеткізушілерді әртараптандыру қажет. Және бізге жаңартылатын энергияның үлесін арттыру қажет». Қазіргі уақытта ЕО-ға газдың 40%-ы Ресейден жеткізіледі, ал Германияда бұл көрсеткіш одан да жоғары — 55%.