ЕО елдері Ауғанстандағы ортақ дипломатиялық миссия мәселесімен айналысады

Еуроодақ Ауғанстан аумағында дипломатиялық миссиясын ашуы мүмкін. Хабарланғандай, Франция президенті Эммануэль Макрон Кабулда өкілдікті тез арада ашуға ниетті мәлімдеді.

Франция мен ЕО-ның бірқатар елдері «Талибан» қозғалысын (ҚР-да тыйым салынған) ресми билік ретінде мойындамай, Ауғанстанда бірлескен дипломатиялық миссия ашу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Біз Еуропадағы бірнеше елмен еуропалық елшілер қатыса алатын ортақ өкілдік ұйымдастыруды ойластырып отырмыз», — деп сенбі күні Reuters агенттігі Макронның сөзін келтіреді.

«Бұл қадам «Талибан» билігі мойындайтынымызды немесе саяси диалог орнататынымызды білдірмейді. Біз мүмкіндігінше тезірек өкілдікті ашуға тырысамыз», — деп мәлімдеді француз көшбасшысы Дохадан (Катар) Сауд Арабияға кетер алдында. Оның айтуынша, дипломатиялық миссияны ашу үшін қауіпсіздікке байланысты мәселелерді реттеу қажет.

Қараша айында Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдері Катарда Еуроодақ дипломаттарының делегациясымен екі күндік келіссөздер жүргізген болатын. «Талибан» делегациясы еуропалық дипломаттарды «саяси пікірлерін гуманитарлық көзқарастан ажыратуға» шақырып, «қысым көрсетпей, ынтымақтаса отырып әрекет ету маңызды» екенін атап өтті. Өз кезегінде ЕО өкілдері, радикалдардың айтуынша, «ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, Кабулдағы ЕО гуманитарлық миссиясы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді». «Талибан» мен Еуроодақ өкілдерінің консультациялары аяқталғаннан кейін Катар СІМ делегациясының қатысуымен үшжақты форматта диалог өтті.

Добавить комментарий