Еуроодақ ресейлік бизнес пен жеке тұлғалардың 21,5 млрд еуро болатын активтерін бұғаттады.
Еурокомиссар Дидье Рейндерс хабарлағандай, «Қазіргі таңда біз ресейлік компаниялар мен олигархтардың €21,5 млрд болатын активтерін бұғаттадық», — деді Рейндерс.
Ол ЕО ресейлік ресурстарды іздеу және бұғаттау жұмыстарын жалғастырып жатқанын және осы қаражатты Украинаға беру үшін заңдық формуланы қарастырып жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, ЕО сондай-ақ РФ Орталық банкінің қаражатын іздеу және бұғаттау бойынша қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Еуроодақ 2022 жылдың көктемінен бастап Ресей орталық банкінің шамамен €300 млрд активін бұғаттағанын мәлімдеді, алайда Bloomberg хабарлағандай, Брюссельде теориялық тұрғыдан бұғатталуы тиіс активтердің 86%-ы қайда екенін білмейді. Сондықтан ЕО қазір бұл ақшаны тәркілеп, Украинаға бере алмай отыр.. Агенттіктің мәліметінше, ЕО заң қызметі 9 ақпанда Еуроодақ саммитіне арналған құжатты дайындады, онда ол ресейлік активтердің жалпы көлемін $258 млрд-қа бағалап, қазіргі таңда бұл соманың $36,4 млрд-ы, шамамен 14%-ы анықталды.