ЕО-да коронавирустық инфекцияның жаңа штамы анықталғаны хабарланды.
Бұл туралы ДДСҰ төтенше аурулар бөлімінің техникалық топ басшысы Мария ван Керкхове хабарлады.
«Дельтакрон-штамы» Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталды, бірақ оның жұғу деңгейі «өте төмен».
«Дельтакрон» штамы «Дельта» AY.4 және «Омикрон» BA.1/BA.2 штамы тармақтарын біріктіру кезінде пайда болды», — дейді Мария ван Керкхове.
Ол атап өткендей, ДДСҰ сарапшылары 7 наурызда өткен кездесуде осы нұсқаны талқылады.