ЕО бір апта ішінде РФ-ға қарсы санкцияның 7 пакетін ұсынуы мүмкін

Еуроодақта санкциялардың жетінші пакеті келесі аптада талқылауға шығарылады деп мәлімдеді.

ЕО Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялауға және бекітуге дайындалуда — онда ресейлік алтынды импорттауға тыйым салынады деп күтілуде.

Бұл туралыEURACTIV ЕО-ның бірнеше дипломатына сілтеме жасап хабарлады.

Жаңа, жетінші пакетке дайындық 14 және 15 шілдеде бейсенбі және жұма күндері жалғасады. Оны мүше мемлекеттер келесі аптаның ортасына дейін бекітуі мүмкін.

Бұл пакет елдің ірі энергетикалық емес экспорты болып табылатын ресейлік алтынды импорттауға тыйым салуды қамтиды, сондай-ақ РФ-ға экспорттауға тыйым салынған қос мақсаттағы тауарлардың тізімін кеңейтеді. Жаңа санкциялық пакетте — Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғаларға қарсы жаңа дербес санкциялар бар.

Өткен айда өткен G7 саммитінде ЕО-ға мүше елдер, Франция, Германия және Италия алтын эмбарго жариялау туралы АҚШ, Канада, Жапония және Ұлыбританиядағы серіктестерімен келісімге келген болатын.

Сонымен қатар, санкциялардың жаңа пакеті бұрын бекітілген шаралардағы, мәселен тыйым салынған тауарлар тізіміне белгілі бір өнімдерді қосудағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Кейбір ЕО дипломаттары жетінші пакетте ресейлік Калининград анклавына санкциялық тауарлардың транзиті жөніндегі Еуропалық комиссияның жақында жариялаған түсіндірме болады деп болжап отыр.

Одаққа мүше кейбір елдер, ең алдымен Шығыс Еуропадағы елдер, энергетикаға қатысты қосымша шараларды талап етіп отырғанымен, ЕО елдерінің басым бөлігі мұнайдың толық эмбаргосына немесе газға шектеу қоюға дайын емес.

Добавить комментарий