Енді ұша аламыз ба: Алматы әуежайында Ashyq қосымшасы енгізілуде

Қазақстандағы әуежайларда «Ashyq» қосымшасы енгізілуде. 2021 жылдың 21 мамырынан бастап коронавирус індетіне қарсы күресте дәрменсіз болған үкімет қоғамды бөлген түстер бойынша ғана Алматы әуежайына кіру мүмкін болады.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 6 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушылар әуежайға келмес бұрын Ashyq мобильді қосымшасын жүктеп, өз мәртебесін тексеруі қажет.

Құжатта 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайына және 21 мамырдан бастап Алматы әуежайына «Кәсіпкерлік объектілерінде Ashyq мобильдік қосымшасын енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысына толықтырулар енгізілді.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі нақтылағандай, егер қосымша болмаса, тексеру ЖСН немесе кіреберістегі төлқұжат арқылы жүзеге асырылады. Ashyq қосымшасындағы ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер қорымен интеграциялану арқылы түседі және жолаушының мәртебесі анықталады. Яғни, ол қазіргі уақытта вирус тасымалдаушысы ма, жоқ па, анықталады. Қосымшада QR-кодты сканерлеу арқылы келушінің статусын анықтайды:

Егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, «қызыл» статус беріледі. Мұндай статус иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау қажет.

«Сары» белгі инфекция жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдарға тағайындалады. Оларға азық-түлік алуға немесе үй жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат бар. Бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

«Көк» түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін жүреді.

«Жасыл» түс – еркін жүре алатын адам. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап қосымша арқылы адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны да көрінеді.

Добавить комментарий