Астанадағы Көкшетау тас жолының бойында орналасқан арнайы зиратта енді ешкім жерленбейді, деп хабарлады қала әкімдігі. Бұл жер пандемия кезінде Covid-19 кесірінен қайтыс болғандарды жерлеу үшін берілген және сол кезде белгісіз инфекциядан қайтыс болғандарды оқшаулау мақсатында ұйымдастырылған.
2020-2022 жылдар аралығында осы арнайы зиратта 1111 адам жерленді. Қазіргі уақытта зиратта ешкім жереніп жатқан жоқ. Барлық қабірлер қоршалып, тәртіпте ұсталады. Қайтыс болғандардың туыстары қабір басына кез келген уақытта келе алады, олардың қауіпсіздігі үшін зират аумағы күзетіледі.
Аталған зират Астанадағы пандемияға қарсы күрестің символына айналды және ел бастан өткерген қиын-қыстау заманды еске түсіреді.