Елжан Біртанованың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Елорданың тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамағын ұзарту туралы өтінішті қарады. Отырыс онлайн режимде өтті. Сот қамауға алу мерзімін жұмыс істеу құқығымен 14 маусымға дейін ұзартты. Отырыс барысында Біртанов сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы жоқ екенін және тергеушілердің күдігі негізсіз екенін мәлімдеді.

Сот отырысында Біртанов өзіне әлі де іс бойынша айып тағылмағанын мәлімдеді.

Біртанов өз сөзін бірқатар БАҚ-та өзіне прокурор айып таққаны туралы ақпарат таратылғаны туралы айтып бастады. Экс-министр ақпараттың қате екенін, себебі оған әлі айып тағылмағанын, тергеу жалғасып жатқанын, сотта үй қамағын ұзарту мәселесін қаралып жатқанын хабарлады.

Содан кейін ол тергеу тобының жетекшісі өзінің өтінішінде көрсеткен бұзушылықтар туралы ақпаратты жоққа шығарды (үйқамақ мерзімін ұзарту туралы — ред.).

«Бұл өтініште бюджет қаражатын жымқыру немесе ысырап етуде маған қарсы қойылған күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай фактілер жоқ екенін айтқым келеді. Өйткені ұрлық фактісі жоқ. Мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару кезде осы істе де, басқаларында да сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенімді тағы да жария түрде мәлімдеймін. Бұл өтініште пайымдаулар мен түсініксіз логикалық тұжырымдар бар», — деді бұрынғы министр.

Біртанов өз сөзінде Ericsson Nikola Tesla жасаған «Ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу платформасының» жұмыс істейтінінің дәлелдеу үшін өзінің денсаулық сақтау төлқұжатының скринін экраннан көрсетті, ол жұмыс істеп тұр, алайда тергеу ол жұмыс істемейді деп мәлімдейді (Біртанов дәл осы факті бойынша айыпталып отыр — ред.)

«Мен өзімнің электрондық паспортымнан үзінді көшірмесін жүктей аламын. Тіпті, осы арада ашып көрсете аламын, онда менің тіркелген жерім бар, сондай-ақ 2020 жылдың маусым айында екі ауруханада COVID-19 қарсы стационарлық емдеуде болғаным туралы ақпарат бар. Алдымен біреуінде, сосын екіншісінде. Яғни, электрондық денсаулық паспортының функциялары жұмыс істейді. Иә, толықтыруға қатысты мәселелер бар, бірақ бұл процесс емханалардың ақпараттық жүйелері платформаға көбірек қосылған сайын жүреді. Бірақ біз қазір бұл процеске тергеу кедергі келтіріп отырғанын естіп, білдік. Осылайша, келісімшарт заңды түрде жасалды, барлық жұмыстар заңды түрде орындалды», — деді Біртанов.

Ол 2020 жылдың маусым айында платформаны қолдануға берілгенін, бірақ тергеу оны бірден бұғаттағанын мәлімдеді. Күздің басында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел басшылығына платформаны бұғаттан шығаруды сұрап жүгінді, содан кейін президент тергеуге платформаны бұғаттан шығаруды тапсырды.

«Президенттің тапсырмасы орындалмай қалды, платформа бұғаттан шығарылмады және ол әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр», — деді экс-министр.

Сондай-ақ, ол іске қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Басты сұрақ кадрдан тыс қалып отыр: «Ақша қайда?». Осы жобадан бір тиын алғаным дәлелденді ме? Жоқ және ол ешқашан дәлелденбейді. Ешкім де дәлелдей алмайды, өйткені мен мұндай қадамға бармадым. Тағы бір мәрте мәлімдеймін, мен ешқандай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысым жоқ», — деді Біртанов.

Экс-министр соттан өзінің құқығын қорғауды сұрады.

«Мен толыққанды Қазақстанның азаматымын. Мен министр болып дүниеге келген жоқпын, мен осы елде өсіп-өндім, төменнен жоғарыға дейін көтерілдім, адал жұмыс істедім, салық төледім және құқығым бар. Мен соттан құқықтарымның сақталуын сұраймын.

Ағасы мен жылжымайтын мүлікке қатысты. Өтініште менің жылжымайтын мүлігім бар екені көрсетілген (Австрияда — ред.). Бәлкім, мен бірнәрсені білмейтін шығармын, бірақ мен құжаттарды талап етуді сұраймын. Менің туыстарымның жылжымайтын мүлкі мен тұруға ықтиярхаты бар екенін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жоқ құжаттардың бар екенін айтқан тергеуші Хасанов пен прокурор Шалабаевтың әрекетіне құқықтық баға беруді өтінемін», — деді Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік! 2020 жылғы 3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Атап өтілгендей, экс-министр аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілінген.

Нұр-Сұлтан сотына ол үшін белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араға түскеннен кейін, 7 қарашада үйқамаққа алынды.

Елжан Біртанов 2020 жылғы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын. Ол пневмонияның асқынып, қосымша емдеу қажеттілігіне байланысты отставкаға кету туралы өтініш берді.

Добавить комментарий